Ауған қауіпсіздік күштері Талибан мүшесі 12 террористті өлтірді

Террор ұйымы Талибан Хераттың Кухсан ауданында барлау қызметі атқарған шекара жасақтарына шабуылдады.

486492
Ауған қауіпсіздік күштері Талибан мүшесі 12 террористті өлтірді

Ауғанстанның Херат және Фаряб уәлаяттарында қауіпсіздік күштерінің террор ұйымы Талибанға бағытталған операцияларында 12 террорист өлтірілді.

Шабуылдың артынан аймақта басталған операцияларда 6 террорист қаза тапты, 4 террорист жаралы қолға түсті.

Фарябтың Гормач ауданында жасалған операцияларда болса 6 террористтің өлтірілгені білдірілді.

Операцияда көптеген қару мен оқ-дәрі қолға түсті.



Ұқсас жаңалықтар