Францияда президенттік сайлаудың тұңғыш мұсылман үміткері

Францияда президенттік сайлау үшін тұңғыш рет қара нәсілді бір саясат қайраткері үміткер болды.

484782
Францияда президенттік сайлаудың тұңғыш мұсылман үміткері

Францияда президенттік сайлау үшін тұңғыш рет қара нәсілді бір саясат қайраткері үміткер болды.

Николя Саркозидің президенттігі кезінде кабинетте Сыртқы қатынастар және Адам құқықтары мен спортқа жауапты министр міндетін атқарған мұсылман Рама Яде президенттік сайлауға үміткерлігін жариялады.

Сенегалда дүниеге келген Рама Яде «RMC» радиосына берген сұхбатында «Батыл Франция» деп аталған қозғалысты бастағанын білдіріп, «Сайлауда кішкентай немесе үлкен үміткер деген болмайды» деді.

Өзінің сайлауға ұзақ уақыттан бері дайындалғанын тілге тиек еткен Яде саясат қайраткерлерінің шешім табуға тиісті негізгі мәселенің Франция қоғамын бөлшектетпеу екенін атап айтты.

Қоғамның радикал, нәсілшіл және бөлшектеуші бола бастағанын атап көрсеткен Яде «Ұлттың танымын жаңартуымыз керек» деді.

Яде үміткерлік жұмыстары аясында қазірге дейін 50 мың мүшеге жақындағандарын білдірді.

Францияда президенттік сайлаудың алғашқы туры 2017 жылдың 23 сәуір күні, екінші туры болса 7 мамыр күні өтпек.



Ұқсас жаңалықтар