Украина Ресей соттаған Савченконың денсаулығына алаңдауда

Украина денсаулық жағдайы нашарлаған Надежда Савченкоға қарсы Ресейдің ұстанымына қатаң наразылық көрсетті.

468154
Украина Ресей соттаған Савченконың денсаулығына алаңдауда

Украина Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Қайта қайта сұраныс жасағанымызға қарамастан украиналық дәрігерлер мен консулдық қызметкерлердің Савченкомен кездесуіне рұқсат бермеген орыс әкімшілігін қатаң түрде айыптаймыз» делінді.

Савченконың сусыз аштық жариялағанынан бері 4 күн өткені еске салынған мәлімдемеде орыс мекемелердің халықаралық қоғамды Савченконың денсаулығы жайлы жалған ақпаратпен жаңылыстырғаны алға тартылды.

Орыс әкімшілігіне Савченконың украиналық дәрігерлер тарапынан тексерілуі, консулдық қызметкерлермен кездестірілуі және Украинаға кері қайтарылуы үшін шақыру тасталған мәлімдемеде Ресейдің Савченконың денсаулығы мен өміріне тікелей жауапты екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар