Франция Сыртқы істер министрлігінің хабарламасы

Франция Сыртқы істер министрлігі террор ұйымы YPG –нің Парижде өкілдік ашатыны жөніндегі хабарларды растамады.

Франция Сыртқы істер министрлігінің хабарламасы

Франция Сыртқы істер министрлігі террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы YPG –нің Парижде өкілдік ашатыны жөніндегі хабарларды растамады.

Франция Сыртқы істер министрлігі осы тақырыпта хабарлама жариялады.

Террор ұйымының Вашингтон және Парижде өкілдік ашатыны жөніндегі хабарларға орай «Біздің сұхбаттасымыз – Сирия Ұлттық коалициясы» деп айтылды.

Ақпан айында Мәскеуде өкілдік ашқан YPG өткен аптада да Чех Республикасының бас қаласы Прагада өкілдік ашқан болатын.

Террор ұйымы PYD басшысы Салих Мұслим де өткен апта Францияда бір кеңсе ашуды жоспарлағандарын білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар