Рейсті құлатқан ұшқыштың электронды пошталары жарияланды

Germanwings ұшағын француз Альпі тау жүйесіне құлатқан неміс ұшқыш Лубицтің соңғы электронды пошталары жарияланды.

445415
Рейсті құлатқан ұшқыштың электронды пошталары жарияланды

Germanwings әуекомпаниясына тиесілі А320 типі ұшақты өткен жылы 149 жолаушысымен француз альпі тау жүйесіне құлатқан неміс ұшқыш Андреас Лубицтің дәрігеріне жіберген соңғы электронды пошталары неміс «Bild» газетінде жарияланды.

27 жасар «қанішер» ұшқыштың дәрігеріне жіберген электронды пошталарында «өзіне қол жұмсайтыны» ортаға шықты.

Көру қабілеті азайғаны себепті жұмысынан айырылуға қорыққаны ортаға шыққан Лубиц дәрігеріне «Соқыр қалудан қорқамын. Бұл ықтималды басымнан тастай алмаймын» деп жазған.

«Кейде әр нәрсені артта қалдырғым келеді. Соңғы шешім жардан өзімді тастау» деп жазған Лубиц жіберген электронды пошталарында жалғыздықтан да өкінген.

Лубицтің сондай-ақ электронды пошталарында ұйқысыздық шеккендерге берілген антидепрессанттар қолданғаны байқалады.

Жас ұшқыш ем қабылдағанда үздіксіз ашуланғанынан шағымданады.

Лубиц өткен жылы 24 наурыз күні Барселона Дюссельдорф арасында ұшқан «Airbus A320» типі рейсті мақсатты түрде француз Альпі тау жүйесіне құлатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар