Халықаралық қоғам Әзірбайжан-Армения желісіндегі дағдарысқа наразылык көрсетті

ЕҚЫҰ тараптарға «қақтығыстарды тоқтатыңдар» деп шақыру тастады.

463601
Халықаралық қоғам Әзірбайжан-Армения желісіндегі дағдарысқа наразылык көрсетті

12 Әзірбайжан әскері шәйіт болған қақтығыстың артынан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) тараптарға «қақтығыстарды тоқтатыңдар» деп шақыру тастады.

ЕҚЫҰ кезекті төрағасы және Германия Сыртқы істер министрі Франк-Валтер Штайнмайер Әзірбайжан-Армения желісіндегі дағдарыспен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Тараптарды дұшпандықты тез арада тоқтатуға және атысты тоқтату келісіміне толық бағынуға шақырамын» делінді.

Штайнмайер «Тараптар Минск тобы аясында келіссөздерге қайта оралатын саяси тез арада көрсетуге мәжбүр» деген жолдама жасады.

Еупора кеңесі де бір мәлімдеме жасап, қақтығыстарға уайымдағанын жариялады.

Еуропа Кеңесі Бас хатшысы Турбьерн Ягданд жасаған мәлімдемеде екі тарапты да одан көп жазықсыз адамның өлімі мен қарқынды қақтығыстардан ары бармайтын, одан көп адамның қан төгілуіне жол ашатын оқиғалардан бас тартуға шақырды.

Әзірбайжан мен Арменияның Еуропа кеңесі мүшесі екеніне назар аударған Ягланд тараптарға Еуропадағы Адам құқықтары келісімінің кепілдігі ретінде өмір сүру құқын қорғап, атысты тоқтатуды құрметтеуді және келіссөздерге қайтадан оралуды ұсынды.

Франция президенті Франсуа Олланд болса 12 әзірбайжандық әскер шәйіт болған Таулы Қарабахтағы қақтығыстарды «қайғымен» қарсы алғанын білдірді.

Олланд тараптарды ең қысқа уақытта атысты тоқтатуға шақырды.

Балтық елдері Литва, Латвия және Эстонияда Әзірбайжан-Армения желісіндегі дағдарыспен байланысты тараптардың әскери қимылдарын тоқтатуын және берілген уәделерге бағынуларын талап етті.

Минск тобы кезекті төрағалары аймақтағы жаңалықтарды бағалау үшін 5 сәуір сейсенбі күні Венада бас қосады.


Ұқсас жаңалықтар