Ресейдің қару экспорты
Ресейдің Еуропамен болымсыз қатынастары қару секторына да жағымсыз әсер етті.

Ресейдің Еуропамен болымсыз қатынастары қару секторына да жағымсыз әсер етті.
Президент Владимир Путин елінің Еуропамен әскери-техникалық ынтымақтастығының тоқтайтын жағдайға келгенін айтты.
Нижний Новгород қаласында елінің Әскери-техникалық ынтымақтастық комиссиясы басшыларымен бас қосқан Путин қару экспортының өткен жылы күтілген деңгейден асып, 14,5 миллиард долларға жеткенін білдірді.
Ресейдің қару экспорты 1992 жылдан бері барлығы 56 миллиард долларға жетті. Ең ірі тұтынушылары – Үндістан, Ирак, Мысыр, Вьетнам, Қытай және Алжир.
Африка, Латын Америка, Оңтүстік Азия және Таяу Шығыста да жаңа қару нарығы қалыптастырғанын білдірген Путин Ресейдің барлығы 58 елге қару сатқанын атап көрсетті.
Сонымен қатар Ресей тур операторлары одағы биыл елдегі туризм компаниясы санының 2 мыңнан 500-ге төмендейтінін мәлімдеді.
Баспасөзге мәлімдеме берген төраға Дмитрий Горин «Өткен жылы елде 2 мың тур операторы бар еді, алайда қазір біздің деректерге қарағанда жыл аяғында 300-500 компания қалады» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Альбатрос құсы Даналық 40-шы балапанын туды
Альбатрос құс түрлері алғаш рет 1893 жылы байқалған болатын.

Ресейде 4 миллион кісіге вакцина егілді
Путин: "2 миллионнан астам кісіге екі доза вакцина егілді. 2 миллион кісіге де бір доза егілді" деді