Мосулды құтқару операциясы басталды

Иракта Мосул қаласын террор ұйымы ДАИШ-тен құтқару операциясы басталды.

457247
Мосулды құтқару операциясы басталды

Иракта Мосул қаласын террор ұйымы ДАИШ-тен құтқару операциясы басталды.

Ирак Қорғаныс министрлігіне қарасты Соғыс медиасы желісі тарапынан жасалған хабарламада Мосулды ДАИШ-тен құтқару үшін «Фатх» операциясының бірінші сатысы басталғаны айтылды.

Алғашқы сатыда Мосул қаласына 50 км қашықтықтағы Махмур маңындағы 5 ауылдың алынуы жоспарланды. Алғашқы хабарларға қарағанда ауылдардың бірі Ирак қауіпсіздік күштерінің қолына өтті.

Армия хабар көздері ауылды алу барысында тойтарыспен кездеспегендерін хабарлады.

Ирак Қорғаныс министрлігі Мосулға қарасты кейбір ауылдардың Ортақ операциялар қолбасшылығы бақылауында ұйымнан кері алынып, осы жерлерге Ирак туының ілінгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар