Йеменде бітім

Исмаил Велед Шейх Ахмет елде соғысып жатқан тараптардың бітім үшін келіскендерін білдірді.

457229
Йеменде бітім

БҰҰ-ндағы Йеменнің арнайы өкілі Исмаил Велед Шейх Ахмет елде соғысып жатқан тараптардың бітім үшін келіскендерін білдірді.

Арнайы өкіл Ахметтің хабарламасына қарағанда Йеменде атысты тоқтату бітімі 10 сәуір күні түнде күшіне енеді.

Ахмет бітім күшіне енгеннен кейін тараптардың бейбітшілік келіссөзі үшін 18 сәуір күні Кувейтте бас қосатындарын айтты. БҰҰ басшылығындағы келіссөз желтоқсан айында тоқтап қалған еді.

Йеменде хоуситтерге қарсы Сауд Арабиясы басшылығында коалиция өткен жылы наурыз айында әуе операцияларын бастады. Сол күннен бері елді 6 мың адам опат болды.



Ұқсас жаңалықтар