Литва Ресейдің ұстанымына қарсы түрік әскерін еліне шақырды

Литва Қорғаныс министрі Ресейдің шабуылдаушы саясатына қарсы түрік әскерін елінде келуіне қуанатынын білдірді.

448822
Литва Ресейдің ұстанымына қарсы түрік әскерін еліне шақырды

Олекас Ресей және Балтика елдері арасындағы дағдарыс, Сирия мәселесің, НАТО және Түркия тақырыбында Анадолу агенттігіне мәлімдеме жасады.

Ресейдің Қырымды аннекциясы және Украинаға қарсы шабуылдаушы ұстанымының артынан өздерін одан көп қауіп астында сезінгендерін білдірген Олекас «Ресейдің шабуылдаушы саясаты аймақта жаңа саяси жағдайдың ортаға шығуына себеп болды. Біз де көптеген ел сияқты қорғанысымызды күшейтіп, әскери бюджетімізді арттырудамыз» деді.

НАТО-ның бас тартқызушы болуы үшін одан көп шара қабылдау керектігін атап көрсеткен Юозас Олекас Ресейдің шабуылдаушы ұстанымына қарсы НАТО құрамындағы түрік әскерлерінің Литваға жіберілуін талап етті.

Олекас «Әрине түрік әскерлерін елімізде көргіміз келеді. Түркия Балтика елдерінде НАТО әуе полициясы қызметін атқарған тұңғыш елдердің бірі. Сондай-ақ Түркияға патриот зымырандары қоныстанғанда мамандарымызды жіберген болатынбыз. Түркиямен саяси деңгейде өте жақсы қарым-қатынастарымыз бар. Литва ретінде Түркиямен бірге әскери жаттығулардың ұйымдастырылуын үміт етеміз» деді.

Литва Қорғаныс министрі Ресейдің Сириядағы әуе шабуылдарының Асад режимін күшейтуге бағытталғанын атап «Ресейдің шабуылдары Еуропадағы босқын дағдарысын да асқындырды» деді.

Олекас 24 қараша күні түрік әуе кеңістігін бұзған орыс ұшағының құлатылуы жайлы шекараларын қорғау құқы бар Түркияның халықаралық қару-жарақ қолдану ережесіне сәйкес қозғалғанын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар