АҚШ ДАИШ-тің химиялық қару өңдеу орындарын бомбалады

Пентагон ДАИШ-тің химиялық қару өндірісінде пайдаланған нысаналарға әуе шабуылы жасалғанын мәлімдеді.

448563
АҚШ ДАИШ-тің химиялық қару өңдеу орындарын бомбалады

АҚШ Иракта ДАИШ террор ұйымына тиесілі химиялық қару өңдеу орындарын бомбалады.

Мәлімдемеге қарағанда нысаналар ДАИШ-тің Давуд эл-Беккар атты химиялық қаруларға жауаптысының өткен ай ұсталып, тергеуі барысында анықталды.

Пентагон Беккардың тергеуінің артынан ирактық лауазымдыларға өткізілгенін атап көрсетті.

Беккардың қолға түсірілуі және аталмыш жайлардың бомбалануына қарамастан ДАИШ-тің химиялық қарулармен шабуылдау қабілетінің әлі толығымен жойылмағаны атап көрсетілді.

Ирак Түрікмен майданы төрағасы Эршет Салихидің Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемеге қарағанда ДАИШ 3 күн бұрын Тузхурмату ауданына химиялық қарумен шабуылдады.

Террористтердің хлор газы тастауы нәтижесінде 30 адам жарақат алған болатын.

Салихи «ДАИШ-ті Тузхурмату маңындағы Бешир ауылынан шығармаған жағдайда террор қаупі Керкүкке тарайды» деді.

Тузхурмату ауданында халық Ирак Орталық үкіметінің террор ұйымы ДАИШ-тің химиялық қару шабуылына үнсіз қалуына наразылық мақсатты Бағдат-Керкүк арасындағы қатынасты уақытша жапқан болатын.


Ұқсас жаңалықтар