"Еврей елді мекендерінің құрылысы заңсыз"

Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне өтініш беретіндерін айтты.

443020
"Еврей елді мекендерінің құрылысы заңсыз"

Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас Израильдің Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалим еврей елді мекендері құрылысына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне өтініш беретіндерін айтты.

Рамалладағы президенттік резиденциясында Палестина Азаттық Ұйымының атқару комитетінде сөз сөйлеген Аббас: «Басынан бері құрылыстардың заңды еместігін айтып келеміз. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен осы тақырыпты тексеруін және қажетті шешім қабылдауын сұраймыз» деді.

Аббас бейбітшілік үдерісіне байланысты Францияның бастамасымен бір халықаралық конференция ұйымдастырылатынын айтты.

Израиль мен Палестина арасындағы бейбітшілік келіссөзі 2014 жылдың сәуір айында аяқталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар