НАТО-дан Ресейге айыптау

Бридлав Ресей мен Башар Асадты босқын дағдарысын батысқа қарсы қару ретінде қолдануда деп айыптады.

442955
НАТО-дан Ресейге айыптау

НАТО-ның Еуропадағы қолбасшысы генерал Филип Бридлав Ресей мен Сирия мемлекет басшысы Башар Асадты босқын дағдарысын батысқа қарсы қару ретінде қолдануда деп айыптады.

Босқын дағдарысының Еуропа Одағында тұрақтылыққа әсер еткен оқиға екенін айтқан Бридлав «дағдарыстан Мәскеудің табысты шыққанын» алға тартты,.

Америка Сенатында сөз сөйлеген генерал Бридлав: «Ресей мен Асад әкімшілігі босқын дағдарысын қасақана түрде қаруға айналдырып, Еуропадағы құрылымдық мекемелерді нысанаға алуда» деді.

Сирия армиясының баррель бомбалары мен Ресейдің әуе шабуылдарының елді мекендерді атқылағанын айтқан қолбасшы жаппай көштердің ең үлкен себебінің осы әуе шабуылдары екенін атап көрсетті.

Осы арада Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин Бридлавтың айыптауына Твидтер арқылы жауап берді.

Рогозин «Ауғанстанда той болып жатқан үйлерді бомбалау маманы бізді айыптайды» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар