Грекияда Иракқа қару-жарақ тасымалдаған 3 шетелдік ұсталды

Түркия-Геркия шекарасында 3 ағылшын азаматы қастарында көптеген қару-жарақпен ұсталды.

432801
Грекияда Иракқа қару-жарақ тасымалдаған 3 шетелдік ұсталды

Грекия теңіз күзету жасақтары жасаған мәлімдемеге қарағанда Александруполис портында 35 және 36 жасар ағылшын азаматтарына тиесілі бір караванға жасаған операцияда арнайы жасалған бір бөлменің ішіне жасырынған 18 автомат пен әртүрлі калибрлі 39 мың 750 дана оқ қолға түсірді.

Прокуратураға апарылған күдіктілер қылмыстық ұйым құру, лаңкестік жұмыстарға араласу, заңсыз қару-жарақ тасымалдау айыптарымен тұтқындалды.

Тұтқындалған 2 күдіктінің прокуратураға берген түсініктемесінің артынан Александруполис полиция басқармасы Кипи (Ипсала) шекара қақпасында 40 жасар бір ағылшын азаматына тиесілі неміс нөмірлі бір караванға операция жасады.

Грекия полиция ұйымы (ELAS) жасаған мәлімдемеде караванның ішіне жасырынған 4 дана 5,5 миллиметрлік ұзақ атымды мылтық, 8 дүрбі және 22 миллиметр калибрлі 200 мың дана оқ табылғанын білдірді.

Грекия баспасөзінде жарық көрген жаңалықтарда қолға түскен қару-жарақтың Иракқа апару үшін Германия мен Австриядан сатып алынғаны, Италия арқылы Грекия шекарасына өткендері атап көрсетілді.

Хабарда күрд текті екені алға тартылған 3 күдіктінің 8 күннен бері Александруполисте бір қонақүйде қонғаны да білдірілді.

Грек хабар агенттігі "ANA-MPA" 3 күдіктінің прокуратурада күрд тілінде аудармашы сұрағанын жариялады.

Александруполис полиция басқармасы оқиғамен байланысты қылмыстық іс қозғады.



Ұқсас жаңалықтар