Солтүстік Корея ядролық қару қолданумен қорқытты

Оңтүстік Корея мен АҚШ қазірге дейінгі ең ауымды әскери жаттығуды бастады.

446042
Солтүстік Корея ядролық қару қолданумен қорқытты

Келесі айдың соңына дейін жалғасатын жаттығуға Оңтүстік Кореядан 300 мың, АҚШ-тан 15 мың барлығы 315 мың әскер қатысуда.

«Операция жоспары 5015» деп аталған әскери жаттығу Солтүстік Кореяның шабуыл ықтималына қарсы ықпалды стратегия жетілдірудің мақсат етеді.

Солтүстік Корея болса, ортақ жаттығу бастаған Вашингтон мен Сеул үкіметтерін қарсы ядролық қару қолданумен қорқытты.

Солтүстік Корея Ұлттық Қорғаныс комиссиясы жасаған мәлімдемеде «Дұшпандарымыз қанға батқан көздерімен Солтүстік Кореяның абыройын, егемендігін және маңызды заңдылықтарын бұзуға тырысады» делінді.

Мәлімдемеде «Дұшпанды жою үшін қазір қаруларымызды іске қосатын болсақ, бүкіл провокация базалары сол күйі отқа айналып, күлдері теңізге жауатын болады» деді.

Солтүстік Кореяның 6 қаңтар күні жасағанын алға тартқан зымыран сынағының артынан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл елге жаңа санкциялар іске қосқан болатын.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның ядролық жұмыстарын жалғастырғаны себепті бұл елге жаңа санкцияларды іске қосатын шешім жобасын дауыс көпшілігімен қабылдаған болатын.

АҚШ тарапынан дайындалған БҰҰ шартының күш қолдану жауапкершілігі беретін 7-ші тарауында қолға алынған шешім жобасына араларында Түркия да бар 50-ге жақын ел қолдау беріп, 15 мүше толығымен жақтайтын түрде дауыс берген болатын.

Өткен апта Солтүстік Кореяның ресми хабар агенттігі KCNA, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның армияға «Ядролық қаруларды қолдануға дайын болыңдар» деген тапсырма бергенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар