Ресей мен Асад режимі адам өлтіруде

Керри Ресей мен Асад режимінің адам өлтіруді тоқтатуы керектігін айтты.

428111
Ресей мен Асад режимі адам өлтіруде

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресейдің және Асад режимінің Сириядағы жай халықты бомбалауды дереу тоқтатуы керектігін айтты.

Джон Керри Колумбия Президенті Juan Manuel Santos-пен бірге Сыртқы істер министрлігінде ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Сириямен байланысты соңғы оқиғаларды түсіндірді.

Керри Ресейдің Сирияда ұйымдастырған әуе шабуылдарында іштерінде бала мен әйелдер де болған көптеген адамды өлтіргенін жариялады.

Ауруханалар мен жай халықтардың тұрғын үйлерін бомбалағанын білдірген Керри «Кейбір жағдайда бір жерді бомбалағаннан кейін жұмысшылар жарақат алғандарды құтқару үшін оқиға жеріне барғанда ұшақтар қайтадан келіп құтқарушыларды да өлтіруде. Бұны дереу тоқтату керек» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар