НАТО мен Пентагон Ресейге наразылық көрсетті

Ресейге тиесілі соғыс ұшағының жұма күні түрік әуе кеңістігін бұзуына АҚШ-тан наразылық келді.

425949
НАТО мен Пентагон Ресейге наразылық көрсетті

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейді жауапкершілік алуға және НАТО әуе кеңістігін құрметтеуге шақырды.

Столтенберг жасаған жазбаша мәлімдемеде түрік лауазымдылардың үздіксіз ескертуіне қарамастан орыс соғыс ұшағының түрік әуе кеңістігін бұзғанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде «Ресейді жауапкершілікпен қозғалуға және НАТО әуе кеңістігін толық құрметтеуге шақырамын. Ресей мұндай бұзушылықты қайталамауы үшін бар шараны қолдану керек» делінді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі болса орыс ұшағының әуе кеңістігін бұзғанын растап, «Ресейдің аймақта тұрақсыздықты арттыратын бастамаларын доғаруы» талап етілді.

Пентагон мәлімдемешісі Марк Врайт «АҚШ, НАТО-мен бірге Түркияға қолдауын жалғастырады» деп мәлімдеді және Ресейді түрік әуе кеңістігін құрметтеуге шақырды.

Басқа жағынан Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде орыс ұшағының түрік әуе кеңістігін бұзбағаны алға тартылды.



Ұқсас жаңалықтар