Франция виза саясатын өзгертпейді

Түрік студенттерге жеңілдік көрсетіледі.

364290
Франция виза саясатын өзгертпейді

Францияның Стамбул бас консулы Muriel Domenach Парижде 13 қараша күні болған террор лаңкестіктерінен кейін Францияның виза саясатын өзгертпегенін айтты.


Елінің виза тақырыбында Шенген ережелері аясында жеңілдік келтіретін қадам басатынын айтқан Muriel Domenach «Біз виза беруді жеңілдетеміз. Түрік туристер, студенттер, өнерпаздар, іскерлер және жастардың Францияға келуін қалаймыз. Себебі түріктердің Францияға келуі бізге пайдалы» деді.


Бас консул Францияда білім алатын түрік студенттерге ұсынылатын жеңілдіктерді Францияның Анкарадағы өкілетті елшісінің жариялағанын еске салды.


Бас консулдың айтуынша, Шенген ережелері аясында 2016 жылдың 1 қаңтар күнінен бастап Францияда магистратура оқыған түрік студенттерге кемінде 1 жылдық еркін саяхат визасы беріледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар