Ресей жүк ұшағы Сириядағы террор ұйымына қару-жарақ апарды

Ресей Сирияда дағдарысты арттыратын қадамдарды басуды жалғастыруда.

398830
Ресей жүк ұшағы Сириядағы террор ұйымына қару-жарақ апарды

Ресейге тиесілі әскери жүк ұшағының Халебтің солтүстігіндегі террор ұйымы ПКК-ның тармағы PYD-ге 5 тонна қару-жарақ апарғаны алға тартылды.
Анадолу агенттігі Сирия жергілікті координациясына сілтеген хабарына қарағанда 5 тонна жеңіл қару-жарақты парашютпен Шейх Максуд аймағындағы PYD күштеріне жеткізді.
ПКК-ның Сирия тармағы PYD-нің Ресейден сатып алған қару-жарақтармен оппозиционерлерге шабуылдағаны атап көрсетілді.
Өткен апта PYD күштерінің бақылауындағы Африн мен Кобаниді (Айн эл-Араб) біріктіру үшін оппозиционерлердің бақылауындағы Азез-Джелабрус желісіне Ресейдің қолдауымен шабуылдаған болатын.
Шамамен 1 айдан бері жалғасқан Ресей-PYD жақындасуы орыс ұшағының құлатылуының артынан соғыс майданында жалғасуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар