Түрік әуе кеңістігін бұзғаны жөнінде дәлелдер бар

АҚШ «Түркияның егемендік құқығын қолдаймыз» деді.

396171
Түрік әуе кеңістігін бұзғаны жөнінде дәлелдер бар

АҚШ «Түркияның егемендік құқығын қолдаймыз» деді.
Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі өткен апта құлатылған орыс соғыс ұшағының түрік әуе кеңістігін бұзғаны жөнінде дәлелдер табылғанын білдірді.
Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі «Түркия және өз қайнар көздеріміздің дәлелдері орыс ұшағының түрік әуе кеңістігін бұзғанын көрсетуде. Әуе кеңістігін бұзудан бұрын орыс ұшқышына талай рет ескерту жасалғанын және жауап ала алмағанын білеміз» деді.
Мәлімдемеші Америка Құрама Штаттары Президент Барак Обама және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Түркияның территорияларын және әуе кеңістігін қорғау құқығын қолдағанын түсіндірді.
Мәлімдемеші әрі Америка Құрама Штаттарының, әрі де НАТО-ның да Ресейдің түрік әуе кеңістігін бұзғаны жөнінде алаңдағанын білдіріп, «НАТО одақтасымыз Түркияның егемендік құқығын қолдаймыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар