Парижде Халықаралық Климат Саммиті басталды

Биылғы Париж Климат Саммитіне 147 елдің мемлекет пен үкімет басшылары қатысуда.

395789
Парижде Халықаралық Климат Саммиті басталды

Адамзат баласы атмосфераны қалай ластайды, осының нәтижесінде ғаламшарда не болып жатыр?
Жаһандық ысыну бүкіл әлемнің ортақ мәселесі. Табиғи апаттар артып, мұздықтар еріген бір әлемде келешекте бізді не күтіп жатыр? Негізінде бұл апаттың жауаптысы кім? Негізінде өнеркәсіп төңкерісінің артынан атмосфера өте жылдам ластана бастады.
Францияның бас қаласы Парижде ұйымдастырылған Климат саммитінде зиянды газдардың жаһандық ысынуға әсері назар аударады.
Қазірге дейін мәселенің шешімі үшін көптеген саммит пен жиналыс ұйымдастырылды.
Тақырып ауқымды түрде 1992 жылы БҰҰ Қоршаған орта және өркендеу конференциясында қолға алынды.
Артынан Жапонияда 1997 жылы қол қойылған Киото хаттамасымен 191 ел атмосфераға зиянды газ өндірісін азайту тақырыбында шешім қабылдады.
Бірақ дайындалған ондаған қозғалыс жобасына қарамастан мәселенің алдын алатын нақты қадамдар басыла алмады.
Саммитте ғаламшарымыздың келешегіне қауіп төндірген жаһандық ысынудың себебі ретінде зиянды газдар мен дамыған елдердің өндірісін азайтуы қолға алынады.
Дегенмен назарлар қабылданатын шешімдерден көрі бұлардың жүзеге асырылуына ауады.
Осы орайда тұңғыш үлкен қадам Жапонияның Киото қаласында 1997 жылы басылды.
Атмосфераға көміртегі, метан және азот тотығы газдардың өндірісін азайтуды қамтитын Киото хаттамасына қазірге дейін 191 мемлекет бекітті.
Шешімге қарағанда Киото хаттамасы жаһандық ысынумен күресте заңды тұрғыдан бағындырушы жалғыз жоба ретінде күшін жалғастырады.
Биылғы Париж саммитінен нақты бір қорытынды шықпаса 2020 жылына дейінгі хаттаманың мерзімі одан да созылады.
БҰҰ соңғы 20 жылда 60 мың адамның климат өзгерісі себеп болған табиғи апаттарда қаза тапқанын жариялады.
Рапортқа қарағанда апаттар себепті 4 миллиард 1 миллион адам не үйсіз қалды, не болмаса жедел жәрдемге мұқтаж күйге жетті.
Осылай жалғасатын болса әлем бәлкім су соғыстарына куәгер болады.
Әйтпесе соңғы 10 жылда өлшеген ысыну рекорд деңгейге жетті.
Климат өзгерісі жайлы кең тараған ғылыми көзқарас «соңғы 50 жылда адамдар ысынудың әсерін сезінетін болады» жөнінде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар