Ресей мен Франция арасында ДАИШ жақындасуы

Ресей Владимир Путин елінің француз соғыс-теңіз флотымен ортақ бір Сирия жоспары жасай алатынын атап көрсетті.

Ресей мен Франция арасында ДАИШ жақындасуы

Ресей президенті Владимир Путин орыс теңіз күштеріне Сирияға баратын француз ұшақ кемесі Шарл де Голдың экипажын одақтас ретінде қабылдау бұйрығы жариялады.
Путин Мәскеуде жасаған мәлімдемеде осылайша елінің француз соғыс-теңіз флотымен ортақ бір Сирия жоспары жасай алатынын атап көрсетті.
Путиннің кеңсесінен жасалған мәлімдемеде болса президент пен Франсуа Олландтың телефонда әңгімелескені атап көрсетілді.
Келіссөздерде ДАИШ-пен күресте ынтымақтастық жасауға шешім қабылданғаны атап көрсетілді.
Париж жасаған мәлімдемеде Олландтың келесі апта Мәскеуге сапар ұйымдастыратыны атап көрсетілді.
Екі ел сондай-ақ ДАИШ нысаналарына әуе шабуылдарын арттырды.
Франция Сирияның Ракка қаласындағы ДАИШ нысаналарын 10 соғыс ұшағымен үшінші рет ауыр түрде бомбалады.
Франция Қорғаныс министрі Джан-Ив Ле Дриан әуе шабуылдарының көбейтіліп жалғасатынын ескертті.
Ресейдің соңғы әуе шабуылында болса ДАИШ-ке тиесілі 200 нысана жойылды.
Ресей Сириядағы әуе күшін 37 соғыс ұшағымен толықтырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар