АҚШ Түркияға қару сатады

АҚШ Түркияға 70 миллион долларлық қару сататын болды

360393
АҚШ Түркияға қару сатады


Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі «Ақылды бомба» деп аталған соғыс бұйымдарының Түркияға сатуы жөнінде шешім жасады.
АҚШ Қорғаныс қауіпсіздік ынтымақтастығы агенттігінің мәлімдемесінде Сыртқы істер министрлігінің «Ортақ тікелей шабуыл соғыс бұйымдары» және осыған байланысты барлық жәрдем бұйымдарды қамтыған сатуды бекіткені, бұның жалпы құнының 70 миллион доллар болатыны хабарланды.
Мәлімдемеде Түркияның аймақта бейбіт бен тұрақтылықтың орнатылуында Америка Құрама Штаттарының ортағы екені білдірілді. Сонымен қатар мәлімдемеде күшті және дайын бір қорғаныс қабілетті қалыптастыруды және қорғалу үшін НАТО одақтасы болған Түркияның қолдауының Вашингтонның ұлттық мүдделері тұрғысынан маңызды болғаны түсіндірілді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар