Америка күрдтерге қару берген

АҚШ PYD-нің қарулы қанаты YPG-ге 50 тонна қару жолдады.

391759
Америка күрдтерге қару берген

Америка Құрама Штаттары бөлшектеуші террор ұйымының Сириядағы саласы PYD-нің қарулы қанаты YPG-ге 50 тонна қару жолдады.
Америка армиясының С-17 жүк ұшақтары 112 пакеттен тұратын 50 тонна қаруды YPG-нің бақылауындағы Хасеке аймағына жеткізді.
Вашингтон әкімшілігінің Сириялық оппозицияға бағытталған «жабдықта-жаттықтыр» бағдарламасын тоқтатқаннан кейін сириялық күрдтер мен кейбір араб топтардың «Сирия демократиялық күштері» деген атпен жаңа қарулы одақ құрғаны да ортаға шықты.
Американың әскери дерек көздері 5 мың адамдық күшке пакетер күйінде 50 тонна қару берілгенін растады.
Халықаралық рақымшылық ұйымы болса YPG-нің Ракка және Хасекеде күрд емес тұрғындардың үйін қиратып, көшіп кетуге зорлап, соғыс қылмысын жасағанын хабарлады.
Ұйым «Баратын жеріміз жоқ» деп аталатын есебінде PYD-нің араб және түрікмен ауылдарын өртегенін, ауыл тұрғындарының кетуі үшін өлтіремін деп қорқытқаны атап көрсетілді. Бұған айғақ ретінде жасанды серіктен түсірілген суреттерді көрсетті. Көріністер де Хүсейние аймағында өткен жылы 225 болған ғимарат санының биыл 14-ке азайғанын растайды.
Кобаниде де күрд жасақтар американдықтардың өздеріне 120 тонна қару мен оқ-дәрі жеткізгенін білдірді.
Дамаскіде болса халық Ресей өкілетті елшілігі алдына жиналған кезде ғимаратқа 2 зымыран лақтырылды.
Елшілік шабуылда ешкімнің зиян шекпегенін хабарлады.
Сонымен қатар Нусра майданы Ресейде ауқымды теракт жасаймыз деп қорқытты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар