Нобель Бейбітшілік сыйлығының иегері белгілі болды

Нобель сыйлығына кандидаттар арасында Папа Франциск пен Ангела Меркел сынды тұлғалар бар еді.

390373
Нобель Бейбітшілік сыйлығының иегері белгілі болды

2015 Нобель Бейбітшілік сыйлығы Тунистегі төрт бөлек азаматтық ұйымнан тұратын «Тунис ұлттық диалог төрттігіне» берілді.


Норвегия Нобель комитеті Тунис төрттігінің елде 2011 жылғы төңкерістен кейін көпшіл демократия орнатуға қосқан үлесі үшін сыйлыққа лайықты деп табылғанын білдірді.


Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына кандидаттар арасында Папа Франциск пен Ангела Меркел сынды тұлғалар бар еді.


Шамамен 1 миллион доллар мөлшеріндегі Нобель Бейбітшілік сыйлығы 10 желтоқсан күні Норвегияның бас қаласы Ослодағы рәсімде табыс етіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар