Йеменде құрлық операциясы дайындықтары жалғасуда

Йеменге әскер жіберген араб елдерінің саны арта бастады.

376246
Йеменде құрлық операциясы дайындықтары жалғасуда

Йеменде қақтығыстар стратегиялық Мариб қаласында артса, Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштеріне араб елдерінен қатысушылар саны артуда.
Операцияға құрлық жасақтарымен де қосылған Катар елге мың әскер жіберді.
Марокконың «Эл Йевм 24» телеарнасы Катардың артынан Мысыр, Йордания, Судан, Кувейт және Марокконың да құрлық операциясына әскер жіберетіні жарияланды.
Араб елдерінен жіберілген әскерлер болса Мариб қаласына қоныстандырылуда.
Мариб кері қайтарылған жағдайда кейінгі нысананың Хоусит көтерілісшілерінің орталығына айналған астана Сана болатыны білдірілді.
БҰҰ Йемендегі ішкі соғыста қазірге дейін 2 мың 100 адамның қаза тапқанын жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар