Колумбия әскери ұшағы құлады

Ұшақ апатында 11 әскери қызметкер қаза тапты

310181
Колумбия әскери ұшағы құлады

Колумбия әуе күштеріне тән бір ұшақ құлады. Апат салдарынан 11 әскери қызметкер қаза тапты.
Жұма күні Сесар департаментінде Колумбияның ВВС ұшағы құлады. Қорғаныс министрлігі лауазымы «Ұшақ қозғалтқышының істен шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл қайғылы оқиғада ешкім аман қалмағаны анықталған» деді.
Оның мәліметтерінше, әуе кемесі Паленкероның әскери базасынан ұшып шыққан.
Әскери-көліктік ұшақтың апатқа ұшырауы фактісін Колумбияның азаматтық авиация басқармасы растады. Ұшақ FAC 261 тіркеу нөмірі бойынша танылған.
Колумбия мемлекет басшысы «әуе апатына байланысты қайғыға ортақтығын» білдіріп, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айты.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар