Жерорта теңізінде келімсектерді құтқару операциялары жалғасуда

Италия мен Германия фрегаттары 2 мың 700 келімсекті құтқарды.

345823
Жерорта теңізінде келімсектерді құтқару операциялары жалғасуда

Келімсектерді құтқару үшін екі күнде 13 бөлек операция жасалды.
Солтүстік Африкадан жолға шыққаны анықталған келімсектердің көпшілігі әйелдер мен балалар.
Жерорта теңізінде кішкентай қайықтарда табылған келімсектердің 300 шақтысы Поццалло, 200 келімсек болса Катания порттарына апарылды.
Еуроодақ 2015 жылдың алғашқы жартысында Италия жағалауына ұласқан келімсектер саны өткен жылмен салыстырғанда 68 пайыз артқанын жариялады.
БҰҰ Босқындар жоғары комиссарлығы болса 2015 жылдың алғашқы жартысында көпшілігі Италия мен Грекияға барлығы 135 мың келімсектің Еуроодаққа кіргенін жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар