Йеменде қару даусы толастамады

Йеменде бүгінге дейін қақтығыстарда қаза тапқан адам саны 3 мыңнан асты.

380137
Йеменде қару даусы толастамады

Йеменде қару даусы толастамады.


Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері бас қала Сана сынды көптеген қаланы әуеден бомбалауда.


Соңғы бомбалау Санада шиіт хоусит партизандары тұратын аймақтарға жүргізілді. Шабуылда 25 адам қаза болды. 50-ден астам адам жараланды.


Йеменде бүгінге дейін қақтығыстарда қаза тапқан адам саны 3 мыңнан асты.


БҰҰ гуманитарлық көмектерді жеткізу мақсатында атысты тоқтатуды ұсынып, осы ұсынысты әрі Хади әкімшілігі, әрі хоуситтер қабылдаған еді.


Атысты тоқтату бітімі жұма күні түнде басталған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар