Жерорта теңізінде босқын ағыны

Аймақта 12 адамның жансыз денесі табылды.

378164
Жерорта теңізінде босқын ағыны

Италия Жағалау қауіпсіздік топтары Жерорта теңізінде Ливия су айдыны маңындағы 4 қайықтан 500-ге жуық босқынды құтқарды.


Аймақта 12 адамның жансыз денесі табылды.


Құтқарылған босқындар Лампедуза аралына жеткізілді.


Италия мен Ливияның арасындағы «Сицилия каналы» деп аталатын аймақ адам саудасымен айналысатындардың босқындарды Еуропаға тасуда ең көп қолданған жолдарының бірі болды. Аймақта босқын ағыны үздіксіз жалғасуда. Кейде ірі трагедиялар да болып тұрады.


Италияға өткен жылдың басынан бері Жерорта теңізінен 55 мыңнан астам заңсыз босқын келгені болжалып отыр.


Сәуір айындағы апатта да 700-ден астам адам қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар