Францияда әскери қару-жарақ қоймасына ұры түсті

Франция «Europe 1» радиосы Мирамас қаласында ұрлаған қару-жарақтарға қатысты жаңалық жариялады.

336855
Францияда әскери қару-жарақ қоймасына ұры түсті

Францияда елдің оңтүстігіндегі Мирамас қаласындағы әскери қару-жарақ қоймасына ұры түсті.
Франция «Europe 1» радиосы Мирамас қаласында жексенбі күні әскери қару-жарақ қоймасының тоналғанын және алғашқы мағлұматтарға қарағанда 180 шақпақты жарылғыштар мен 40 граната ұрланғанын жариялады.
Мирамас муниципалитет басшысы Фредерик Вигуру оқиғаны растай отырып әскери аймақтың өте жақсы қорғанғанын, тонау туралы жаңалықты таң қалып қарсы алғандарын білдірді.
Тонау оқиғасында террор күдігі болып болмағаны әлі нақтыланбаса да тергеу жұмыстары жалғасуда.
Мирамас Францияның шетелдік әскери операциялары үшін аса маңызды болып табылады. Сондықтан аймақ жоғары деңгейде қауіпсіздік шараларымен қорғалуда.
Мамандар тонаудың әскери базаны өте жақсы білген бір не бірнеше адам тарапынан жасалуының мүмкін екеніне назар аударады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар