«Бейбітшілік шеруі» басталды
Шеруге мыңдаған адам қатысуда.

Шеруге мыңдаған адам қатысуда.
1992-95 жылдар аралығындағы Босния және Герцоговина соғысы барысында Сребреницада «өлім жолы» деп аталған маршрутта дәстүрлі Бейбітшілік шеруінің 11-шісі өтуде.
Қырғыннан қашқан азаматтар орман арқылы Тузла қаласына жету үшін қолданған жолдағы шеру Незук ауданынан басталды.
Таңертең ертемен жиналған 8 мың адам қырғын құрбандары үшін дұға қылып, жолға шықты.
Шеруге түрлі елдерден азаматтар қатысуда. Бұлардың арасында Түркия да бар. Шамамен 100 шақырымдық шеру 10 шілде күні қырғын құрбандары жерленген Поточари ескерткішіне келеді.
Шеруге қатысушылар күніне 35 км жол жүреді. Оларға қырғын жөнінде деректер беріледі. «Өлім жолы» деп аталған жолды қолданып аман қалғандар болса естеліктерін айтады.
«Бейбітшілік шеруі» организация комитетінің төрағасы Хамдия Фейзич: «Шеруге қатысушылардың саны емес, олардың әлемге үндеуі маңызды. Шеру бірінші рет ұйымдастырылғанда тек 300 адам қатысқан еді. Бірақ әлемге бейбітшілік, кішіпейілділік, бірге өмір сүру және жолда қаза тапқандардың ешқашан ұмытылмайтынын паш етті» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Асад режимі Сирияда 81 мың 916 баррель бомбасын қолданды
Сирия Адам құқықтары бақылау ұйымы Асад режимінің бомбалы шабуылдар туралы есебін жариялады.

Энтони Блинкен Ауғанстанға барды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ресми іс-сапармен Ауғанстанға барды.