Йеменде бейбітшілік үшін үміт тағы орындалмады

БҰҰ Женевада өткізілуі жоспарланған Йемен келіссөзінің «күтпеген жағдайға байланысты» дүйсенбі күніне кешіктірілгенін хабарлады.

302718
Йеменде бейбітшілік үшін үміт тағы орындалмады

Йеменде бейбітшілік үшін үміт тағы орындалмады.


БҰҰ Женевада жексенбі күні өткізілуі жоспарланған Йемен келіссөзінің «күтпеген жағдайға байланысты» дүйсенбі күніне кешіктірілгенін хабарлады.


Бас хатшы Пан Ги Мун жексенбі күні Шығанақ елдері кеңесінің бас хатшысы және кейбір G16 елдерінің өкілетті елшілерімен кездеседі.


G16 елдері арасындағы Түркия келіссөзге бақылаушы деңгейінде қатысады.


Йемен президенті Абдурраби Мансур Хади келіссөзде бұдан бұрын Риадта өткен жиналыста қабылданған шешімдердің де күн тәртібіне келуін сұраған болатын. Хоуситтер де келіссөзге алғышартсыз қатысатындарын білдірген еді.


Келіссөз 17 маусымда аяқталады деп жоспарланып отыр.


Йеменде Иранның қолдауындағы хоуситтерге тойтарыс беру үшін Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері әуеден операция жүргізуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар