АҚШ-та маскалы топ түрік мешітіне таспен шабуылдады

Массачусетс штатындағы Ахыска Түрік-Американ мәдениет орталығы мен мешітіне шабуыл жасалды.

301627
АҚШ-та маскалы топ түрік мешітіне таспен шабуылдады

Дін істері басқармасы және Ахыска (месхет) Түрік-Американ қоғамдары кеңесінің АҚШ-тың Массачусетс штатында салдырған «Ахыска Түрік-Американ мәдениет орталығы мен мешіті» ғимараты кім екені белгісіз маскалы топтың шабуылына ұшырады.
Оқиға кезінде мешіттегі имамның жұбайы мен 2 баласы шабуылдан жарақат алмай құтылды.
Шабуылдың ислам дұшпандарымен байланысы болып болмағаны білінбейді.
Дін істері басқармасы және Ахыска (месхет) Түрік-Американ Мәдениет орталығы төрағасы Мехди Османлы оқиғадан шамамен 1.5 сағат өткен соң мешітке келген полицияның акті жазып, тергеу бастағанын мәлімдеді.
Османлы шабуылмен байланысты Түркияның Бостон өкілетті елшілігіне де мағлұмат бергендерін білдірді.
Аталмыш мешіт наурыз айында ашылған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар