Жерорта теңізінде 372 келімсек құтқарылды

Жерорта теңізінде келімсектердің трагедиясы жалғасуда.

296117
Жерорта теңізінде 372 келімсек құтқарылды

Италия теңіз күзетшілерінің басшылығында Еуроодақ шекара агенттігі «Frontex»-тің қамқоршылығындағы италиян, неміс және ирландиялық қайықтармен жасалған операция барысында көпшілігі Эритрея азаматы 372 келімсек құтқарылды.
Келімсектер Италияның Сицилия аралындағы Августта портына әкелінді.
Топтар аптаның аяғында Солтүстік Африкадан Еуропаға өткісі келетін 5 мың 900 адамды құтқарды.
Биылдың басынан бері 40 мыңнан астам келімсек Италияға барды.
Бұл қиын жолаушылықтар барысында шамамен мың 800 адам қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар