Ресей президенті сұхбат берді

Ресей президенті Владимир Путин Италия сапары алдында маңызды тақырыптарда мәлімдеме жасады.

294652
Ресей президенті сұхбат берді

Ресей президенті Владимир Путин 10 маусым күні жүзеге асатын Италия сапары алдында елдің белгілі газеттерінің біріне сұхбат берді.
Путин «Батыста Ресейдің НАТО мемлекеттеріне шабуылдайтыны жайлы көзқарастар бар. Ресей мен НАТО арасындағы соғыс ықтималын тек қана тентектердің ойлауы мүмкін» деді.
Украина шекарасындағы әскери дайындықтың тек қана Ресейге бағытталған қауіптерге қарсы шара екенін атап көрсеткен Путин «Басқан қадамдарымыз шектеулі. Дегенмен Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеткілікті» деді.
«Ресей мен батыс арасындағы ынтымақтастықты қақтығыс емес, ынтымақтастық негізінде құрылу керек» деген Путин «Бірақ ешкім Ресейдің бір жақты қарусыздануын күтпесін» деді.
Путин Украина дағдарысының Атлант аймағындағы басшылығын жалғастыру үшін Америка Құрама Штаттары тарапынан мақсатты түрде басталғанын да алға тартты.
Қырымның Ресейге аннекциясы жайлы көзқарастарын бөліскен орыс басшы қырымдықтардың келешектері туралы өткізген референдуммен Ресейді таңдағанын алға тартты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар