Йемендегі «Табандылық бораны» операциясы аяқталды

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция Йеменде енді саяси шешімге назар аударатын болады.

246128
Йемендегі «Табандылық бораны» операциясы аяқталды

Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігі операцияның аяқталуымен ‘Үмітті қайта орнату’ операциясын бастағандарын мәлімдеді.
Коалиция мәлімдемешісі генерал-лейтенант Ахмет Асыри 2 мың 415 әуе шабуылы жасалғанын және барлық нысаналарды күдіксіз анықтағандарын атап көрсетті.
Асыри операцияны Йемен үкіметі және президентінің сұранысымен аяқтағандарын атап айтты.
Ахмед Асыри хоуситтерге қарсы операциялардың қажетті жағдайда қайта бастала алатынын атап көрсетті.
Сауд Арабиясы хоуситтердің ел көлеміндегі қимыл-әрекеттері мен операцияларының алдын алуды жалғастырады. Йеменге әуе және теңізден жүргізген қоршау жалғасады.
Әуе шабуылдарының тоқтағанына қарамастан құрлықтағы қақтығыстар оңтүстіктегі Аден мен Таиз, Хута және Далех қалаларында үздіксіз жалғасады.
Хоуситтер елдің үшінші үлкен қаласы Таизде әскери бір базаны қолға түсірді.
Йемен елбасы Абдурраби Мансур Хади «Табандылық бораны» операциясының нысанасына ұласқанын атап көрсетті.
Хади «Йемен халқының келешегі үшін жүргізілген ‘үмітті қайта орнату’ операциясы Йемен мен Араб тарихына алтын әріптермен жазылады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар