Мұсылман ұйымдар кеңесінен хабарлама

АҚШ-тағы кеңес армян проблемасының тарихшыларға берілуі керектігін білдірді.

242578
Мұсылман ұйымдар кеңесінен хабарлама

АҚШ-та Мұсылман ұйымдар кеңесі USCMO 1915 жылғы оқиғаларды ғалымдар мен тарихшылардың қолға алуы керектігін білдірді.


USCMO 1915 жылғы оқиғалардың жылдығы деп қабылданған 24 сәуір қарсаңында жазбаша хабарлама жариялады.


USCMO 1915 жылғы оқиғаларды тәуелсіз тарихшылар зерттемей жасалған мәлімдемелердің осы тақырыпта түріктер мен армяндар арасында келісім жасалуына зиян келтіретінін атап көрсетті.


1915 жылғы оқиғаларға байланысты тарихшы және ғалымдар қалыптастыратын, сол дәуірдің мұрағаты мен құжаттарына сүйенетін бір консенсус болуы керектігі айтылды.


Хабарламада «24 сәуір күні жақындап қалғанда, армяндардың қайғысын бөлісеміз. Сонымен бірге 1915 жылғы оқиғаларға байланысты діни және саяси басшылардың мәлімдемелері теңгерімді, көркейтуші болуы керек, сонымен бірге түріктер мен мұсылмандардың қайғы-қасіретін де ескеру керек» деп айтылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар