Жерорта теңізінде үлкен апат болды
Жерорта теңізінде мигранттар мінген қайық суға кетті.
241590
Ливия су айдынында 700 мигрантпен жүзген қайық апатқа ұшырады.
Жерорта теңізі тағы жүздеген үміт жолаушысына мазар болды.
Қорқынышты апат Жерорта теңізінде Италия мен Ливия арасында қалған және Сицилия каналы деп белгілі аймақта болды.
Лауазымдылар мигранттар мінген қайықтың суға кетуі нәтижесінде жүздеген адамның қаза тапқанын жариялады.
Апатқа ұшыраған қайықтан 28 адамның құтқарылғаны білдірілді.