Польша президенті Коморовский Украинада

Польша Украинаның шығысына бейбітшілік күші қоныстандырылуына қолдау береді.

231857
Польша президенті Коморовский Украинада

Польша президенті Бронислав Коморовский 2 күндік ресми сапар аясында Киевке барып, Украина президенті Петр Порошенкомен бас қосты.
Басшылар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қоса Украинаның шығысындағы жағдайды қолға алды.
Польша президенті елінің Украинаның шығысына бейбітшілік күші жіберілуіне қолдау беретіндерін атап көрсетті.
Мұның қиын бір кезең екенін және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімі қажет екенін атап айтқан Коморовский кеңес басқа шешім қабылдаған жағдайдың өзінде де елінің шығысқа бейбітшілік күші жіберу шешімінің өзгермейтінін мәлімдеді.
Тараптар Ресейге бағытталған санкциялардың жалғастырылуы тақырыбында да ортақ пікір білдірді.
Келіссөздерде сондай-ақ екі ел арасындағы әскери және техникалық ынтымақтастық тақырыбы қолға алынды.
Украина мен Польша көп ұлтты әскери оқу жаттығуларына ортақ қатысу тақырыбында да шешім қабылдады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар