Йеменде халық таза ауыз суына мұқтаж

Йеменде соңғы екі аптадан бері жалғасқан қақтығыстарда 519 адам қаза тапты.

227954
Йеменде халық таза ауыз суына мұқтаж

Елдегі қақтығыстарда мың 700 адам да жараланды.
БҰҰ Гуманитарлық операциялар жауаптысы Валерий Амос қақтығыстардың ортасында қалған жазықсыз адамдардың қауіпсіздігінің қатты алаңдатқанын атап көрсетті.
Сауд Арабиясы басшылығында жалғасқан «Тұрақтылық дауылы» операциясының мәлімдемешісі генерал-лейтенант Ахмед Асири хоуситтердің штаб орталықтарын тұрғын аймақтары мен қонақүйлерге құруының жазықсыз адам шығынын арттырғанын жариялады.
Басқа жағынан оңтүстіктегі Аден қаласында хоусит қозғалысы мүшелері ілгерілеуді жалғастыруда.
Хоуситтер Аденнің әл-Машыйк аймағын және осында орналасқан президенттік офисті бақылауға алды.
Президент Абдурраби Мансур Хадиге қолдау берген күштер мен хоуситтер арасында қарқынды қақтығыстар жалғасуда.
Сауд Арабиясының болса аймаққа жәрдем жеткізу үшін барған Қызыл крестке рұқсат бергені білдірілді.
Аденде 24 сағатқа атысты тоқтату шақыруы тастаған Қызыл крест ұйымы қаладағы гуманитарлық жағдайдың «өте қорқынышты» деңгейде екенін, су табылмаған аймақта мәйіттердің көшелерде үйілгенін жариялады.
Басқа жағынан Әзірбайжанда астана Санадағы соңғы азаматтарын эвакуациялады.
Йемендегі соңғы 7 әзірбайжандықтың Санадан Түркияның көмегімен Стамбұлға әкелінгені білдірілді.
Осылайша Йемендегі Әзірбайжан азаматтары толығымен эвакуацияланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар