"Бүкіләлемдік уақыт" акциясы 172 мемлекетте жүзеге асты

Әлемнің 172 мемлекеті климат өзгерісі мәселесіне назар аудару үшін «Бүкіләлемдік уақыт» акциясына қосылды.

286067
"Бүкіләлемдік уақыт" акциясы 172 мемлекетте жүзеге асты

Әлемнің әртүрлі аймақтарынан 172 мемлекет климат өзгерісі мәселесіне назар аудару үшін «Бүкіләлемдік уақыт» акциясына қатысты.
Америкадан Еуропаға, Азиядан Таяу Шығысқа әртүрлі мемлекеттерден акцияға қолдау берген қалаларда бірнеше минутқа жарықтар өшірілді.
Жүз мыңдаған адам қатысқан іс-шараларда үйлерінде отырған адамдар бірдей уақытта жарықтарды өшіріп жатқанда, атақты ғимараттар сәндік мақсатты қолданған жарықтарын өшірді.
Америка Құрама Штаттарындағы «Empire State» ғимараты, Франциядағы Эйфел мұнарасы, Грекиядағы Акропол және Италиядағы Колизей сияқты көптеген танымал ғимарат қысқа уақытқа қараңғыда қалды.
Түркияда да ұйымдастырылған шара аясында араларында Долмабахче сарайы, Бейлербейі сарайы, Аясофия мұражайы, Күчүксу Касры, Топкапы сарайы, Галата мұнарасы, Ортакөй мешіті мен Боғазичи көпірі де көптеген ескерткіш ғимараттар сияқты 1 сағат бойынша жарықтарын өшірді.
«Бүкіләлемдік уақыт» іс-шаралары тұңғыш рет 2007 жылы наурыз айында Австралия табиғи тіршілікті қорғау қоры басшылығында Сидней қаласында басталды. 2008 жылы болса жаһандық бір акцияға айналды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар