Қару саудасы артты

Әлем көлемінде қару сату соңғы бес жылда 16 пайыз артты.

267808
Қару саудасы артты

Стокгольм Бейбітшілік зерттеулері институты SIPRI есебіне қарағанда, әлем көлемінде қару сату соңғы бес жылда 16 пайыз артты.


Деректерге қарағанда, ең ірі қару экспортшысы Америка Құрама Штаттары мен Ресей, үшінші орында Қытай келеді.


2010 және 2014 жылдар арасында АҚШ әлемдегі қару экспортының 31 пайызын игерді, Ресей болса 27 пайызын жүзеге асырды.


Таяу Шығыста қару саудасы болса 25 пайыз артты.


Қаруды ең көп алған елдер тізімінде Үндістан, Сауд Арабиясы мен Қытай алда келеді.


Түркия осы тізімнің жетінші кезегінде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар