Пешмерге күштері ИШИМ-ге қарсы жаңа құрлық операциясы бастады

Пешмерге күштері Керкүкке қарасты ауылдарды кері қайтару үшін жаңа құрлық операциясы бастады.

266269
Пешмерге күштері ИШИМ-ге қарсы жаңа құрлық операциясы бастады

Иракта пешмерге күштері Керкүктің Дакук ауданына қарасты ауылдарды кері қайтару мақсатты ИШИМ террор ұйымына қарсы жаңа бір құрлық операциясы бастады.
Пешмерге Керкүктің 35 шақырым оңтүстігіндегі Дакук ауданына қарасты Вахде, Кадисийе, Саид және Халид ауылдарын ИШИМ-нен кері қайтару үшін террористтердің қорғандарын бомбалауда.
Операцияға АҚШ басшылығындағы коалиция күштері де жойғыш ұшақтармен қолдау береді.
Күн сайын мыңдаған адам пайдаланған Керкүк-Бағдат трассасына жақын бұл ауылдар ИШИМ-нің қаупі астында.
Пешмерге күштері және қарулы еріктілерден құрылған топтар Керкүктің оңтүстігіне жасағандары алғашқы операцияда террор ұйымының бақылауындағы 30 ауылды кері қайтарса, түрікмен тұрғын аймағы Беширді құтқара алмаған болатын.
Операция себепті Керкүк-Бағдат жолы көлік қатынасына жабылды.
Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хүсейиннің туған жері Тикриттегі кесенесі қаладағы қақтығыстарда толығымен құлады. Саддам дүниеге келген Эл-Ажва ауылында кесененің тек қана бағаналары қалды.
Тикриттегі операция жазықсыз адамдар аймақтан шықсын деп уақытша тоқтады.
Басқа жағынан террор ұйымы ИШИМ-нің Ливияның Мисурата қаласында бомба орналастырылған көлікпен жасаған шабуылында 1 адам қаза тапты.
Триполидің батысындағы бір бақылау бекетіне жасалған бомбалы шабуылда болса төртеуі ауыр күйде барлығы 5 қауіпсіздік қызметкері жарақат алды.
ИШИМ мүшесі террористтер мен Триполи үкіметіне қарасты «Ливия таңы» атты қарулы күштер арасындағы қақтығыстар Сирт қаласында жалғасуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар