Мұсылман бауырлар бөлінді

Таяу Шығыс аймағында 70 жылдан астам уақыттан бері ықпалды болып келген ұйым екіге бөлінді.

266130
Мұсылман бауырлар бөлінді

Таяу Шығыс аймағында 70 жылдан астам уақыттан бері ықпалды болып келген «Мұсылман бауырлар» екіге бөлінді.


Ұйым ішінде бір мезгілден бері «көгершіндер» мен «бүркіттер» деген екі қанатта көзқарас айырмашылығы бар еді.


Араб әлемінің ең байырғы қозғалысының Иордания саласын «Иордания Мұсылман бауырлар» деген атпен жаңа ұйым құрды.


Шейх Абдул Маджит Тунейбат басшылығындағы осы топ жаңа саяси құрылым үшін ресми өтінішін берді. Тунейбат пен жолдастары жаңа ұйымның Иорданияның ұйымы екенін және Мысырдағы «Мұсылман бауырлар» ұйымымен байланысы жоқтығын атап көрсетті.


«Мұсылман бауырлар» болса Иордания әкімшілігін айыптады.


Араб елдерінде 1930 жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан «Мұсылман бауырларға» жақында Мысыр, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінде тыйым салынған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар