ИШИМ-ге әуе операциясы

Коалиция күштері ИШИМ-ге әуеден операция жасады.

254562
ИШИМ-ге әуе операциясы

Америка Құрама Штаттары басшылығындағы коалиция күштеріне тән ұшақтар Сирияда ИШИМ-нің бақылауындағы бір аймаққа әуеден шабуыл ұйымдастырды.
Түркияның шекарасына жақын Тельяд қалашығының солтүстігіндегі мұнай өңдеу зауытын нысанаға алған шабуылда кем дегенде 30 адам өлді.
Өлгендер арасында ИШИМ мүшесі террористтермен қатар көптеген жұмысшы да бар.
Коалиция күштеріне тән ұшақтар ИШИМ-нің мұнай кірісін тосу үшін ұйымның қолында болған мұнай өңдеу зауыттарын нысанаға алуда.
Біріккен Ұлттар Ұйымы ИШИМ-нің мұнайдан күнде 850 мың доллар және 1 миллион доллар аралығында кіріс түсіргенін жариялаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар