Пәкістан президенті Хүсейин Ислам мемлекеттеріне шақыру тастады

Президент Хүсейин Ислам мемлекеттерін көп тұсты қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін бірігуге шақырды.

253305
Пәкістан президенті Хүсейин Ислам мемлекеттеріне шақыру тастады

Хүсейин Түркия-Азия стратегиялық зерттеулер орталығының шетелдік ортақтарымен астана Исламабадта өткен 6-шы халықаралық Ислам мемлекеттері мекемелері форумында жасаған баяндамасында Ислам мемлекеттерінің одан көп ынтымақтастық жасау керектігін атап көрсетті.
Ортаға қойылатын талпыныстардың тек қана халықтардың өз тыныштығы, ішкі дамуы үшін емес, «Үмбет» түсінігі төңірегінде бүкіл Ислам әлемі атынан жасалу керектігіне назар аударған Хүсейин тек қана бұл түсінікпен Ислам әлеміне тыныштық орнайтынын атап көрсетті.
Хүсейин мұсылман халықтар арасындағы діни қауымдық қақтығыстар мен терроризм сияқты тақырыптардың исламдық түсінікпен ұйқаспағанын атап көрсетті.
Мемнун Хүсейин «Әр қайсымыздың геосаяси маңызы, резервтері және өркендеуі баршаға бірдей болу керек. Пәкістан ретінде Солтүстік Кипр Түрік Республикасының, Палестинаның, Босния-Герцеговинаның егемендігі мен шекара тұтастығын қорғауға бағытталған қолдауы жалғасады» деді.
Президент Мемнун Хүсейиннің баяндамасының артынан Ислам әлемі «Стамбұл жүлделері» ресімі өтті. Рәсімде «Стамбұл стратегия жүлдесі» Дамыған сегіз ел (Үлкен-8) Экономикалық ынтымақтастық ұйымына «Стамбұл мекеме дипломатиясы» жүлдесі болса ТРТ-ге табыс етілді.
«Стратегия жүлдесі» Үлкен-8 тобы елдері Бас хатшысы Сейид Али Мұхаммед Мусавиге, Мекемелік дипломатия жүлдесі болса ТРТ атынан Бас директордың орынбасары Эркан Дурдуға берілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар