Ораза және Құрбан айттарда демалыс беріледі

Нью-Йорк мэрі осылай деп хабарлады.

249651
Ораза және Құрбан айттарда демалыс беріледі

Нью-Йоркта Ораза және Құрбан айттарда демалыс беріледі.


Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио Ислам дінінің қасиетті күндері Ораза және Құрбан айттарында ресми демалыс берілетінін жариялады. Блазио осы шешімді «қаланың түрлілігіне құрмет көрсететін өзгеріс» деп атады.


Блазио осы шешімін әлеуметтік желі арқылы жариялады. Артынан Білім беру директоры Кармен Фаринамен кездесу өткізді.


Кездесу нәтижесінде Нью-Йорк қаласында мемлекеттік мектептерде 24 қыркүйек күні Құрбан айттың бірінші күні демалыс беріледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар