Ирак армиясының Тикритке бағыттаған құрлық операциясы жалғасуда

Операцияға 30 мың әскер және қарулы топ қатысуда.

245130
Ирак армиясының Тикритке бағыттаған құрлық операциясы жалғасуда

Ирак армиясы террор ұйымы ИШИМ-нің бақылауындағы Тикритті кері қайтару үшін басталған операция жалғасуда.
Операцияның алғашқы уақыттарында ілгерілегендерін жариялаған қауіпсіздік көздері ұйым тарапынан кепілдікке алынған 100-ден астам адамның құтқарылғанын атап көрсетті.
Ирак әскерлері Тикриттің оңтүстігіндегі кейбір маңызды пункттерді бақылауға алды.
АҚШ басшылығындағы коалиция күштері мен Ирак армиясының Энбарда бастаған операцияларында да бір аумақтың бақылауға алынғаны, ИШИМ мүшесі 19 террористтің болса қолға түсірілгені және көптеген жарылғыштың жойылғаны білдірілді.
Жойғыш ұшақтар қолдау берген операцияда 30 мың әскер мен қарулы топтың әртүрлі майдандарға қарсы қозғалғаны атап көрсетілді.
Тикритті кері қайтару бастамасы Мосулға бағытталатын операцияның алдынғы сатысы ретінде болжалады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар