Ирак армиясы Тикритті кері қайтару үшін құрлық операциясы бастады

БҰҰ Иракта бір айдың ішінде мың 100-ден астам адамның қаза тапқанын жарияланды.

243738
Ирак армиясы Тикритті кері қайтару үшін құрлық операциясы бастады

БҰҰ Ирак миссиясының мәлімдемесіне қарағанда ақпан айындағы қақтығыстарда 611 жазықсыз адам мен 492 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.
Сондай-ақ аталмыш кезеңдегі оқиғаларда көпшілігі жазықсыз 2 мыңнан астам адам жарақат алды.
Ирак үкіметі болса өткен жылы қақтығыстарда 15 мыңнан астам адамның қаза тапқанын жариялаған болатын.
Жиі жанкешті шабуылдарға ұшыраған елде пайда болған ИШИМ терроры да қақтығыстарды одан да арттырды.
Террор ұйымының Мосулды қолға түсіруінің артынан күн сайын қақтығыстар болуда.
Ирак армиясы ИШИМ-нің бақылауындағы Тикритті кері қайтару үшін құрлық операциясы бастады.
27 мыңнан астам ирактық әскер мен қарулы топтар елдің солтүстігіндегі Тикритке қарай үш бағыттан ілгерілеуде.
Ауыр зеңбірек пен зымыран шабуылына қоса танктар және шағын атымды зымырандар қолданылған операцияны премьер-министр Хайдар әл-Абади Самарра қаласынан тікелей өзі басқаруда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар